Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197922
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Салт-дәстүрімізді ұлықтайық"

Амангелді аудандық ауруханасы 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай «Салт-дәстүрімізді ұлықтайық» тақырыбында мекеме ішілік сайыс өтті.Бұл сайыстың мақсаты:салт-дәстүрімізді ұлықтап,өнеге мен тәрбие көзіне бастау алу,дәріптеу болып табылады.Мекеме ішілік сайыс басталмас бұрын Аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Каканова Ж.Р. мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мерекелік іс-шараға аудандық аурухананың барлық бөлімшелері атсалысты.Сайыс үш бөлімнен тұрды:

1.Ұлттық киім,ұлттық тағамдар және оларды таныстыру.

2.Салт-дәстүрді көрсету.

3.Сал-дәстүрлерге байланысты сұрақ-жауап

Әділ қазылар алқасының әділ шешімімен сайыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлдеге-Перзентхана бөлімі, І орын-Аурухана әкімшілігі,ІІ орын-Кешенді бөлімше,ІІІ орынды-Емхана бөлімі иеленді.Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталынып,бағалы сыйлықтарға ие болды.


хат жіберу