Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194832
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Профилактикалық шаралар өткізілді

Аудандық орталық аурухананың балалар бөлімінде иммундаудың артықшылығы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау туралы мамандардың кеңес беруімен «Ашық есік күні» өткізілді.

Дені сау бала кабинетінде бала дәрігері Ж.О.Кабакова, медбике Н.Бекжанова отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас аналар денсаулық мектептерінде, дені сау бала кабинеттерінде аурулардың алдын алу бойынша шаралар, соның ішінде Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес уақытында иммундау, емізудің артықшылығы, гигиеналық дағдылар туралы ата-аналар арасында сабақтар жүргізді.

Ы.Алтынсарин, Амангелді орта мектептерінде бала дәрігері Б.Бекенова, жалпы тәжірибе дәрігері П.Канафина, Амангелді аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жетекші маманы К.Ахметова мұғалімдер арасында вакцинопрофилактика арқылы денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелері жөнінде семинар өткізді.

Салауатты өмір салты кабинетінде бала дәрігері Ж.К.Жумагалиева, Амангелді аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жетекші маманы К.Ахметова мектеп және балабақша медбикелері мен психологтарына «Уақытында вакцинациялау арқылы вирустық гепатит секілді жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын талқылау жөнінде» дөңгелек үстел өткізді.


хат жіберу