Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197919
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бірлескен отырыс өтті


Амангелді ауданының әкімдігінде Амангелді ауданы тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі және Қостанай облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың бірлескен отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысқандар:

1)Хайруллин Сабыржан Уалиулы – Амангелді ауданы әкімінің орынбасары, Амангелді ауданы тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің төрағасы.

2)Хамзин Молдагали Хамитович – «Қостанай облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» бас дәрігерінің орынбасары.

3)Уразбаева Бахыткуль Жанатовна – дәрігер эпидемиолог «Қостанай облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» КММ.

4)А.Н.Оспанбек – Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы.

5)Туленов Сахан Онжанулы – Амангелді ауданы әкімдігінің біліб беру бөлімінің басшысы.

6)Каканова Жанар Рамазановна – аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Шақырылғандар:

Ауылдық округтер әкімдері, мектеп директорлары, медициналық ұйымдардың басшылары, бастапқы медициналық-санитарлық көмек медициналық қызметкерлері, мекеме және кәсіпорындар басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

«ВИЧ инфекциясының алдын алу бойынша жас студенттердің хабардарлықты арттыру үшін жасалған жұмыстар туралы».

«2015 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының №128 бұйрығына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарда жұмысшыларды медициналық тексерумен қамту толықтығы және еңбекті ұйымдастыру жағдайы туралы».

«Міндетті медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы».

«01.05.2016 текті Амангелді ауданында ВИЧ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы,   ВИЧ инфекциясының бизнеске іскерлік әсері».

«Амангелді ауданы Денсаулық сақтау мекемелеріндегі ВИЧ-инфекциясының жағдайы туралы».

хат жіберу