Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198303
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтті

Аудандық Қ.Әбенов атындағы Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, кәсіпорын басшылары, медицина қызметкерлері қатысты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Р.Есмағамбетов баяндама жасап, бірқатар медицина қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті. Аудан әкімінің орынбасары Т.Карбозов, аудандық мәслихат хатшысы Қ.У.Кеделбаев, «Нұр Отан» партиясы Амангелді ауданы филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ташимов ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, грамоталар мен гүл шоқтарын табыстады. Аурухананың бас мейірбикесі С.Карагулова жемісті еңбек еткен мейірбикелерге грамота табыс етті.  

Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

хат жіберу