Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197151
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Денсаулық» жалпыұлттық акциясы өтті

Ауданымызда аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен «Денсаулық» жалпыұлттық акциясы өтті. Шараның  мақсаты – халық  арасында  салауатты  өмір салтын  қалыптастыру, көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру, жастарды  зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Акция аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, мектеп оқушыларына түрлі тақырыптарда дәрістер оқылды. Орталық ауруханада «Ашық есік күні» акциясы өтті, келушілердің қан қысымын, қандағы глюкозаны өлшеп, ЭКГ-ға түсірді, ақпараттық парақшалар таратылды. Ауылдық округтердегі дәрігерлік емхана, медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкерлері де ауыл мектептерінде оқушылармен флешмоб, қан қысымын өлшеу, бой, салмақ өлшеу, дәрігерлердің кеңес берулері жүргізілді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Таңғы жаттығу» флешмоб өтті. Оған аудан басшылары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, жастар қатысты. Аудан әкімі Н.Өтегенов сөз сөйлеп, жиналғандарды спортпен айналысуға, белсенді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Флешмобқа қатысушылар ырғақты әуенмен түрлі жаттығулар жасады.


хат жіберу