Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197922
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Іс-шаралар өтті

Балалар консультациясында бейінді мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында оқушыларға және ата-аналарға дұрыс тамақтану бойынша тегін кеңестері берілді, тегін қандағы қант пен холестерин деңгейі, Кетле индексі және бел мен мықын айнала шеңберін анықтады.

Денсаулық мектебінде медбике Н.Бекжанова, бала дәрігері    Б.С.Бекенова дұрыс тамақтану, тамақ өнімдері қауіпсіздігінің 5 принциптері бойынша, денсаулықты нығайту және сақтау бойынша ата-аналарға әңгіме жүргізді.

Амангелді ауданының жалпы білім беретін орта мектептерінде жалпы практика дірігері Г.Д.Акбайзенов, М.Канафина оқушылар арасында «Дұрыс тамақтану пирамидасы», «Дәрумендер туралы нені білемін?» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Дені сау бала кабинетінде жалпы практика дәрігері Ж.О.Кабакова, медбике Н.Бекжанова ата-аналар үшін «Тамақтану режимі» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен қатар «Тамақтану пирамидасы» туралы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.



хат жіберу