Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194833
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 84-ші қадамына байланысты, 2018 жылдың           1 қаңтарынан бастап тағайындалатын жаңа форматтағы бырыңғай жәрдемақы-атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады.

    2018 жылғы 1 қаңтарынан әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде - 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы 3 жәрдемақыдан құралады:

— арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ);
— аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ);

— үй шаруашылықтарына берілетін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді:

       Шартсыз ақшалай көмек - құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен 80-нен асқан қарт зейнеткерлер мен 1-2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды күтіп отырған отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы үш жасқа дейінгі бала күтімінде отырған ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

     Шартты ақшалай көмек - құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабі­летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін­детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.                                            

     Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту бағдарламаларына,  қажет болса әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік келісім-шартқа қол қою шараларына қатысуы арқылы әлеуметтік көмектің жоғары мөлшерін алу (шартты ақшалай көмектің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (4 тоқсан 2017ж.-14043 тенге) мен отбасының жан басына шаққандағы жиынтық табысының айырмасына тең) мүмкіндігі жобаның мәні болып табылады.

   Әлеуметтік төлемдерді бірыңғай әлеуметтік жәрдемақыға трансформациялау:

—   әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын арттыру;

—   әлеуметтік қолдауды ең мұқтаждар санаттарына көрсету;

—   ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың аз қамтылған отбасылар үшін тиімділігін арттыру;

әлеуметтік көмек алушылар арасында масылдықтың алдын алу үшін қажет.

Ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әрбір жұмысқа қабілетті азаматқа, үкімет тарапынан оқыту және мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу (ұлғайту) үшін несие алуға қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік төлемдерді бірыңғай әлеуметтік жәрдемақыға трансформациялау.

       Аз қамтылған отбасыларды «Өрлеу» жобасына қатысуға тарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

      Қазіргі таңда, әлеуметтік көмек алушылардың арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, бөлімнің қызметкерлері АМЖ, МБЖ, АӘК алушы отбасыларды:

- отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын анықтау;

- отбасының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бейімдеу шараларына мұқтаждығын анықтау;

- халықты АӘК жаңа форматының енгізілетіні туралы хабардар ету үшін аралау жұмыстарын жүргізуде.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбір азаматтар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығудың жолын табудағы ынталандыру болады.                                

      Толығырақ ақпарат алу үшін Амангелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-сіне , Амангелді ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына мына телефондарға хабарласуға болады

21-5-92,21-3-54, 22-0-56

Амангелді ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі К ММ-сі

хат жіберу