Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194837
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды,  яғни әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады.

«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы  қабылданды.

Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде - 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ), аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақының (МБЖ)  және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері­летін атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) орнына тағайын­далады.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабі­летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін­детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруда қолға алынып отырған мемлекеттік қолдау жүйесі көмекке мұқтаж отбасының барлық әлеуметтік сұрақтарын шешуді көздейді және көмек әр отбасы мүшелерінің еңбекке деген қабілетін ескере отырып, тағайындалады. Яғни көмек шын мұқтаж отбасыларына беріліп, атаулылығы күшейеді. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылып, мамандығы жоқ азаматтардың мамандық алуына мүмкіншілік береді.

Әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуге дайын болу үшін «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар»ММ-сі 2016 жылдың қазан айынан бастап шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша атаулы әлеуметтік көмек жаңа тетігі бойынша төленетін  «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыруда.

Амангелді аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы:                                                           А.Ибраев

хат жіберу