Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194831
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне» арналған іс – шара өткізілді

1992 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы қазан айының екінші жексенбісін – «Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні» деп атауды ұйғарған.

Осыған орай, Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымымен бірлескен, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар» атты спорттық және әдеби-сазды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Нұр-Отан партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Әбдіғали Нағашыбай Қасымханұлы сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп, осындай кештерді ұйымдастырудың маңызы зор екендігін атап өтті.

Мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, үйірме жетекшісі Жұмабеков Әнет Мұратбекұлының «Қуыршақтар» театры ертегі қойып, келген қонақтардың көңілдерін көтерді.

Спорттың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрлерінен жарыс өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар, ойын барысында өздерін толыққанды адамдармен бірдей екеніне көз жеткізді. Мүгедектер үшін бұл жарыстың басты мақсаты-өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсете отырып, бір жерде бас қосуы. Жиналған көпшіліктің жанарындағы, жеңіске деген құштарлық пен қуанышы, әрбір қатысушының өз-өзіне деген сенімділігі осы ойынды қыздыра түсті. Купеев Мейрам, Ертаев Бораншы, Дулыбаев Айдархан, Тоғызбаев Төлеу үздік ойын көрсетіп, Нұр-Отан партиясы Амангелді аудандық маслихаттағы депутаттық фракциясының демеушілігімен ынталандыру сыйлықтары тапсырылып. мақтау қағаздарымен марапатталды.


Жолтай Мейірім және Жолтай Айша ән айтып, Жұмақанова Нұрай, Шашаева Мейрамкүл тақпақ айтып өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.

«Көкейімдегі бар әлем» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, көрмеге балалар өз қолдарымен жасалған туындыларын әкелді. Көрме қорытындысы бойынша Үрпек ауылының тұрғыны Қоңқышев Ернардың жұмысы үздік деп танылып, Амангелді аудандық орталық кітапхананың арнайы дайындаған ынталандыру сыйлығына ие болды.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі – Князова Айсұлу Жұмағалиқызы 5 балаға ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.

Іс-шара соңында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Ибраев Айтжан Тойкенұлы қорытынды сөз сөйлеп, демеушілерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, «Үйде күтім көрсетілетін және тәрбиеленетін» 12 баланы арнайы сыйлықтар мен және мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жеке кәсіпкер Құдабаева Гүлім Ғалымжанқызының демеушілігімен «Ас болсын» асханасында балаларға арналған арнайы дастархан жайылды.

“Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осындай іс-шаралар арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балалары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға бүкіл халық атынан, әлем атынан үлкен қолдау қажет. Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн. Өйткені олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!!!

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!  

Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызмет жөніндегі маманы: Аягөз Қайратқызы Қайдарова.


хат жіберу