Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198533
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Өрлеу» жобасы - халықтың аз қамтамасыз етілген санатын әлеуметтік қолдау

Мемлекеттік саясаттың  басты мақсаттарының бірі - әлеуметтік корғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту. Бүгінгі күні дүние жүзінде әлеуметтік қорғаудың екі жолы бар: әрекетсіз топқа көмектесу (жасына және денсаулығына байланысты өзін - өзі қамтамасыз ете алмайтындар); белсенді топқа демеу жасау, тұрмысы төмен еңбек жасындағы тұрғындар, еңбек нарығында өз орнын таба алмағандар.
Қазақстан Республикасының 17 шілде 2001 жылғы №246-11 «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» заңында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, азаматтығы жоқ тұруға рұқсат берілген адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындарға, егер жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен болса беріледі. АӘК мөлшері – отбасының жан басына шаққандағы табысы мен 40% күнкөріс деңгейінің арасындағы айырмашылық. АӘК - әрекетсіз әлеуметтік көмек: отбасы бұл көмекті таңдап алу шегі біткенше алады. «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуға мүмкіншілігі бар топқа, тек кездесетін қиыншылықтарды жеңуге көмек қажет ететін, өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға ұмтылғандарға беріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  пен ШАК арасында қандай айырмашылық бар? «Өрлеу» жобасындағы шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса беріледі. Бұл «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК алу АӘК алушылардан көп отбасыны қамтиды. Сонымен бірге «Өрлеу» жобасы көмектің белсенді түрін ұсынады, әлеуметтік бейімделу, өмірде кездесетін отбасының ауыр кезеңдерден дұрыс өту жағдайы қаралған. Яғни ақшалай көмектен басқа, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Бұл міндеттер мемлекет және отбасы тарапынан қабылданатын «Өрлеу» жобасының келісімінде көрсетіледі. Еңбек нарығы  дамыған қалаларда әлеуметтік бейімделу – жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыс орнындағыларға тұрақты жұмыс орнын іздеу, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету. Ауыл тұрғындарына келсек, әлеуметтік бейімделу, өзіне тиісті жерін кеңейту және оны ұтымды пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеке меншіктегі өнімді өткізу, оны сатып алушыларға көлікпен жеткізу және т.б., мәселелер.
«Өрлеу»  жобасын алғашқы еңгізу кезеңінде тұрмысы төмен отбасының қатысуы ерікті түрде.

«Өрлеу» жоспарын іске асыру:
• ШАК алушылар өзінің еңбекпен айналысу мүмкіндігін іске асырады;
• Тұрмысы төмен азаматтар тұрақты дербес табыс көзі арқылы өзінің өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартады;
• Тұрмысы төмен отбасылар әлеуметтік жағдайларын оңалту үшін алады;
ШАК алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі өседі, еңбексіз табыс алу шарасы төмендейді.
Әлеуметтік келісім – қоғамның ілгері дамуының шарты және кедейлікті жеңудің жолы, отбасының әлеуметтік көмекпен ғана шектеліп, еңбек рыногында белсенділік танытпаудан сақтайды. Әлеуметтік келісім – адамдарды белсенділік жасауға және ортаға бейімделуге көмектеседі.
«Өрлеу» жобасының мақсаты не?
«Өрлеу» жобасының басты мақсаты- адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, немесе кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін - өзі қамтамасыз етумен қатар мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою. Әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы бойынша өтініш берушінің қоғамдық жұмысқа қатысуы және жоғары деңгейде жәрдемақы төлеу де жатады.
«Өрлеу» жобасына кімдер қатыса алады?
«Өрлеу» жобасына ШАК алуға өтініш берген азамат (отбасы), егер отбасының әр мүшесінде шаққандағы айлық табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса және әлеуметтік келісімнің шарттарын орындауға келісім берген жағдайда қатыса алады.
«Өрлеу» жобасына қатысу үшін не істеу керек?
«Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы мүшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, село, ауыл әкімдігіне тұратын мекен – жайы бойынша өтініш білдіреді. Өтініш білдіру үшін отбасының барлық мүшелерінің ЖСН (жеке сәйкестік нөмірі)  болуы керек, сонда ғана өтініш иесі өтініш бланкісін және отбасы және материалдық – тұрмыстық жағдайы туралы анкетасын ақысыз алады.
Өтініш беруші өтініш пен анкетаны жеке өзі толтырады және басқа құжаттармен «Өрлеу» жобасына қатысу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, немесе  село, ауыл әкімдігіне тапсырады. Құжаттарды қабылдау кезінде оның түгелдігі және толық толтырылғандығы тексеріледі.
«Өрлеу» жобасы - отбасылармен жұмыс істеудің жаңа түрі, әр отбасынның өз жауапкершілігін түсінуі, еңбек нарығында белсенділік көрсету, материалдық көмек алатын отбасылардың белсенді әлеуметтік бейімделуге көмектесуі, келешекте тұрмысы төмен отбасылар қатарынан шығып, мемлекеттік көмекке қарап отыруды тоқтатуға жол ашады. Бір – екі жыл бойы ақыл – кеңес беру және бақылау жауапкершілігін арттырып, өз мақсатына жетуге бағыттайды.
Біздің мемлекетте әлеуметтік - әлсіз топтардың әл - ауқатын көтеруге барлық негіз бар. Халықты жұмыспен қамту Қазақстан Республикасы Үкіметінің белсенді саясатының әлеуметтік негізі болып саналады. Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамуымыздың басты шарты және адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын өсіру шарасы болып табылады.

2016 жылдың мамыр айының 11 нен маусым айының 15 аралығында Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған мобилдік топ «Өрлеу » жобасына қатысу мәселелерін түсіндіру мақсатында Күмкешу , Ақсай,Үштогай,Қабырға, Үрпек, Байғабыл ауылдық округінде ауыл тұрғындармен кездесіп ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Амангелді аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                         А.Ибраев

хат жіберу