Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198117
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қайырымдылық – жылы жүректен»

«1 қазан – халықаралық қарттар күні» және қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесіне орай «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шұғыла» жастар демалыс орталығында ІІ-ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты спорттық және әдеби-сазды бағдарлама өткізілді. Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері, психолог мамандар, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

Спорттың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрлерінен Махтин Амангелді, Ермеков Қасқырбай, Шименбаева Асел, Купеев Мейрам үздік ойын көрсетіп мақтау қағазы және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жолтай Мейірім ән айтып, өз өнерімен көрермендерді тәнті етсе, Өміртаева Жанерке, Егінбай Альбина, Батырбек Марғұлан сынды мүмкіндігі шектеулі үйде тәрбиеленетін балалар тақпақ айтып, сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасап шараға белсенді атсалысты. Мерекелік кешке қатысқан мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы мақтау қағазы және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шара барысында аудан әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Байтемиров Бақытбек сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп, осындай кештерді ұйымдастырудың маңызы зор екенін атап өтті.


хат жіберу