Блог статистикасы
195
Жазбалар
4811
Өтініштер
187618
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 19 Июля 2019

Кезекті өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті

2019 жылы 18 шілде күні Амангелді ауданының Амантоғай ауылдық округіне қарасты Жалдама ауылы аумағында кезекті өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Б.Кәкімов, Амангелді ауданы әкімінің орынбасары    М.Д. Қаласов, Амантоғай а/о әкімі Ж.Р. Ильясов, «Шерхан» ШҚ директоры Ө.Р. Ильясов, Амангелді ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры С.Қ. Төлебай, БАҚ өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Шерхан» ШҚ базасында өрт сөндіру бекетінің ашылуы барлық аудан үшін маңызды оқиға болып табылады. Оның басты мақсаты - мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қорғауға, алғашқы өрт көмегінің келу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Амангелді ауданы бойынша 2-ші өрт сөндіру бекеті болып табылады. Осыған ұқсас қызмет 2017 жылдан бастап Үштоғай ауылдық округінің әкімшілік аумағында жұмыс істейді. Арнайы жылытылатын үй-жайда, онда барлық қажетті заттар бар: демалыс және тамақтану бөлмелері, техниканы орналастыруға арналған бокс. К-700 және 5 кубтық су таратқыш техникалық жарамды жағдайда қажетті өртке қарсы жабдықпен жабдықталған. Бекеттің штаттық саны 3 адамды құрайды.

Сонымен қатар Департамент бастығы атынан Амантоғай а/о әкіміне және «Шерхан» ШҚ директорына азаматтық қорғау саласын дамытуға және зор үлес қосқаны үшін мадақтамамен марапатталды.

Өрт сөндіру бекетін құру Жалдама, Қарақұдық. Шақпақ және Қаражар ауылдарын, сондай-ақ халықтың жалпы саны 2 мыңға жуық қорғалатын елді мекендерге жақын дала аумағын өрттен қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.

хат жіберу