Блог статистикасы
195
Жазбалар
4811
Өтініштер
187632
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Басу хат жіберу 12 Августа 2019

"Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

"Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

I. ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

1. Президент Жарлығымен қайдан танысуға болады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы   сілтемесі бойынша ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 2. Президент Жарлығының негізгі бағыттары қандай?

Президент Жарлығының бірінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттары үшін екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешекті өтеуді көздейді. Берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауға тиіс.   

Президент Жарлығының екінші бағыты Қазақстан азаматтарының барлығына 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын есептен шығаруды көздейді.

II. ЖАРЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ БАҒЫТЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТЫНЫҢ 300 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ БЕРЕШЕГІН ӨТЕУ

 3. Қандай қарыздар мен азаматтардың қандай санаттары бойынша берешек өтеледі?

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары берген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды өтеудегі мемлекет көмегі өмірлік қиын жағдайда қалған мынадай азаматтарға көрсетіледі:     

  1. көпбалалы отбасылар;
  2. асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар;
  3. мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;
  4. атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;
  5. жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.

Осындай кредиттер бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауға тиіс.

 4. Кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек қандай мөлшерде өтелетін болады?

300 мың теңгеге дейінгі сомада.

Егер Сіздің негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақы сомасы 300 мың теңгеден аспайтын кепілсіз тұтынушылық қарызыңыз (банктен немесе микроқаржы ұйымынан алған) болса, онда барлық берешек сомасы мемлекет қаражатының есебінен өтелетін болады. 

Егер Сіздің кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешегіңіз 300 мың теңгеден асып, 3 млн теңгеге жетпейтін болса, Сізге берешігіңіздің 300 мың теңгеге дейінгі сомадағы бөлігін өтеуге мемлекет көмек көрсетеді. Қалған берешекті (300 мың теңгеден артығын)  қарыз алушы өзі өтеуге тиіс. 

Кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 3 млн теңгеден асатын жалпы берешекті өтеу Президент Жарлығының талаптарына жатпайды.

 5. 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтелетін адамдардың тізімдерін қайдан табамын?

300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтелетін адамдардың тізімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырады. Әрбір банк пен микроқаржы ұйымы берешектің өтелу нәтижелері туралы өз қарыз алушыларына хабарлайды.

 6. Берешегімнің өтелуіне қатысты қашан және қайта өтініш жасаймын? Қандай құжаттар қажет?

Кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешекті өтеу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш жасаудың қажеті жоқ. Берешекті өтеу және есептелген тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге төлемдерді есептен шығару жөніндегі барлық жұмысты көмек көрсетілетін азаматтардың тізімдері қалыптастырылғаннан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдары өздері жүзеге асырады. Аталған жұмыс нәтижелері туралы әрбір қарыз алушыға банк және/немесе микроқаржы ұйымы хабарлайтын болады.  

 Борышкерлер тізімін қалыптастыру өтініш берушінің қатысуынсыз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін берешекті өтеу жөніндегі ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласу немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

Әлеуметтік статусты «электрондық үкімет» веб-порталындағы тиісті қызметті пайдалана отырып білуге болады. Қызмет 2019 жылғы 22 шілдеден бастап қолжетімді.

7. Егер азаматтың бір немесе бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымында екі және одан да көп қарызы болса,  берешегі (300 мың теңгеге дейінгі) қалай өтеледі?

Есептеу үшін қарыздары мен кредиттерінің санына қарамастан,  бір адамның барлық кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша жалпы берешегі (негізгі борыш + сыйақы) есептеледі.

Егер ол адамның бірнеше кредиті болса, онда берешекті өтеуге арналған 300 мың теңге мынадай кезектілікпен өтеледі:

бірінші кезекте ЖТСМ көбірек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

екінші кезекте негізгі борыш пен сыйақы бойынша 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша берешегі көбірек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартының жасалған күні ертерек қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

8. Егер отбасының бірнеше мүшесінде тұтынушылық кредиттер болған жағдайда қарыз қалай өтелетін болады?

Егер отбасының бірнеше мүшесінде кредит болса, яғни қарыз шарттары әрқайсысына бөлек жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы, егер отбасының екі мүшесіне екі кредит ресімделген болса, онда әрбір қарыз шарты бойынша олар 300 мың теңгеге дейін өтеуге құқылы. Яғни, берешекті өтеудің жалпы сомасы отбасының екі мүшесіне 600 мың теңгені құрайды.

9. Өтеу қандай мерзім ішінде жүргізіледі?

Берешекті өтеу жөніндегі бүкіл жұмыс ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр.

 10. Коллекторлық агенттікке берілген берешек өтеле ме?

300 мың теңгеге дейінгі берешек банктердің және микроқаржы ұйымдарының балансындағы кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша ғана өтелетін болады.

Қарыз бойынша талап ету құқығы коллекторлық агенттікке емес, банкке немесе микроқаржы ұйымына тиесілі болса, Сіздің 300 мыңға дейінгі сомадағы банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегіңіз есептен шығарылады.

Егер де қарыз бойынша құқық (талаптар) коллекторлық агенттікке сатылған (қайта берілген) болса, берешекті мемлекет өтемейді.

11. Мұндай науқандар қаншалықты жиі болып тұрады?

Кез келген кредит – бұл ең алдымен қайтарылатын қаражат. Сондықтан да қарыздарға қызмет көрсету мүмкіндігіңізді нақты бағалағаныңыз жөн. Бұл – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалып жатқан бір реттік шара.

 12. Егер менің кредитім бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі болса, кредитімді 2019 жылғы 1 маусымнан кейін өтеуге тиістімін бе?

Сот шешімдерінің болу-болмауына қарамастан, Сіздің қарызыңыз Президенттің Жарлығына сәйкес келген жағдайда ол бойынша 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекет көмегі көрсетіледі. Қалған берешекті (300 мың теңгеден артығын) қарыз алушы өзі өтеуге тиіс.

 13. Егер  менің банктер және микроқаржы ұйымдары берген өзге қарыздарым (ипотека, басқа да кепіл кредиттері) және банктен немесе микроқаржы ұйымынан басқа ұйымдардан (онлайн-кредиттер, ломбардтан алынған және т.б. қарыздар) алынған қарыздарым болса, олар өтеле ме?

Берешек банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы, Президент Жарлығының талаптарына сәйкес келетін кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша ғана өтелетін болады.

III. ЖАРЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ БАҒЫТЫ – АЙЫППҰЛДАР МЕН ӨСІМПҰЛДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ

 13. Кімдердің есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылады?

Әлеуметтік мәртебесі мен есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдарының сомасына қарамастан, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдары бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына есептен шығарылады.

 14. Кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша өсімпұлдарым мен айыппұлдарым қашан есептен шығарылады?

Банктер мен микроқаржы ұйымдары өсімпұлдар мен айыппұлдарды ағымдағы жылғы 30 шілдеге дейін есептен шығарады.

 15. Қарыздарым бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарту үшін қайда, қашан өтініш жасауым керек? Қандай құжаттар қажет?

Кепілсіз тұтыну қарызы бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды банктер мен микроқаржы ұйымдары өздері дербес есептен шығарады. Аталған жұмыс нәтижелері жайында әрбір қарыз алушыға банк және/немесе микроқаржы ұйымы хабарлайды.

 16. Банктер және микроқаржы ұйымдары берген өзге қарыздар (ипотека, басқа да кепіл кредиттері) және банктен немесе микроқаржы ұйымынан басқа ұйымдардан (онлайн-кредиттер, ломбардтан алынған және т.б. қарыздар) алынған қарыздар бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарыла ма?

Президент Жарлығын іске асыру мақсаттары үшін беру кезінде кепіл туралы талапсыз, жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген банк қарызы және (немесе) микрокредит  кепілсіз тұтыну қарызы болып табылады.

Осылайша, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығару осындай кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

хат жіберу