Блог статистикасы
195
Жазбалар
5007
Өтініштер
202145
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • АӨК субъектілеріне кеңестер өткізу қажеттілігі туралы ақпарат жинау басталғанын хабарлайды
Басу хат жіберу 5 Ноября 2019

АӨК субъектілеріне кеңестер өткізу қажеттілігі туралы ақпарат жинау басталғанын хабарлайды

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақысыз түрде ақпараттық қолдау» 100 қосымша бағдарламасының,   «Білім мен ғылыми зерттеулердің қол жетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі), ҚР ҰҚП «Атамекен» Құзыреттілік орталығы АӨК субъектілеріне кеңестер өткізу қажеттілігі туралы ақпарат жинау басталғанын хабарлайды.

       Консультация алуға өтінімдер қабылданады:


- АӨК субъектілері;

- сарапшылар немесе сараптамалық бюролар;

- ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттары;

- қауымдастықтар, одақтар немесе қоғамдық бірлестіктер.


Өтінімде мыналар көрсетілуі керек:


- кеңеске мұқтаж агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы;

- басшының аты-жөні, байланыс деректері;

- кеңес алу қажет болған мәселенің мәнін қорытындылау;

- сарапшының аты-жөні (мемлекеті көрсетіледі). Сарапшы туралы ақпарат болмаған жағдайда сарапшыны сараптама базасынан «Құзыреттілік орталығы» ЖШС ұсынады.


Байланым мәліметтері:

Карпенко Елена, +7 771 088 01 06, тел. 8(7172)76 86 40, elena_karpenko@inbox.ru;

Жунусов Дияс, +7 701 539 2242, тел. 27 80 33, dias_087@mail.ru.

хат жіберу