Блог статистикасы
195
Жазбалар
4811
Өтініштер
187636
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Августа 2019

«Жаңа әліпби негізінде қазақ тілі емлесін меңгеру»

Тұңғыш Президент, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынының аясында Амангелді аудандық тілдерді оқыту орталығында осы оқу жоспарына сәйкес 2019 жылғы 15-шілде және 26-шілде аралығында «Жаңа әліпби негізінде қазақ тілі емлесін меңгеру» тақырыбында 24 сағаттық қысқа мерзімді курс өтті. Курсқа аудан орталығының әр мекеме қызметкерлерінен 15 тыңдаушы қатынасты. Сол екі апта аралығында тыңдаушылар латын әліпбиін толық меңгерді және жазу дағдыларын қалыптастырды. Тыңдаушылар арасында латын әліпбиіне деген қызығушылықтары артты. Апта соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды. Курс жыл бойы жүргізіледі. Жаңа латын әліпбиін үйренемін деген азаматтар болса Аудандық тілдерді оқыту орталығына (87144022209) хабарласуларыңызға болады.

хат жіберу