Блог статистикасы
195
Жазбалар
4944
Өтініштер
198237
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 22 Октября 2019

«Ұстаз аты – биік, әрі - мәңгілік»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұстаз аты – биік, әрі - мәңгілік» жобасы бойынша ұстаздардың ұстазы атанған Сүлекешов Жалғасбай Сүлекешұлы атындағы бастауыш сынып кабинеті, Ермағанбетов Қабдраш Саматұлы мен Дүйсекеев Әбдікәрім Дүйсекеұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті, Сатов Ғиуазхан Сәтұлы атындағы тарих пәні кабинеті, Бекенов Әмірбек Бекенұлы атындағы география кабинеті, Мекебаева Мағия Шынтемірқызы атындағы химия кабинеті, роботатехника және IT- технология кабинеттері ашылды. Іс-шараға Амангелді ауданы әкімінің орынбасары С.Ж.Ганиев, білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы С.Ө.Өтегенұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Қ.Тажин, мектеп басшылары, Амантоғай ауылдық округінің әкімі Ильясов Жұманияз Рақымбекұлы, Амантоғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Байдосов Теміржан Байдосұлы, ауылдың қазыналы қарты Ходенов Мұхтар Ходенұлы, мектептің ардагер ұстаздары, ұлы ұстаздардың ұрпақтары қатысты. Аталған кабинеттерді ұстаздардың ұрпақтары жабдықтап берді.

Іс-шара «Ұстаздың ұлы келбеті» атты ғылыми тәжірибелік конференциямен жалғасты.

хат жіберу