Блог статистикасы
195
Жазбалар
4936
Өтініштер
196788
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры аймақтық филиалының 2017 жылдың 2 тоқсаны бойыншақызметіне қорытынды

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры аймақтық филиалының 2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша қызметіне қорытынды жасалды.

2 тоқсанда «Бизнестіңжол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша 330,9 млн.теңгеге 44 жобаға қол қойылды, кепілдендіру жобалары бойынша 424,9 млн.теңгеге 28 жоба мақұлданды және 413,4млн. теңгеге 23 кепілдендіру Шартына қол қойылды.

Даму-Оптима бағдарламасы аясында 2017 жылдың 2 тоқсанында 33млн. теңге сомасына тең2 жоба бойынша кепілдендіру Шартына қол қойылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) бизнес-жоспарларды әзірлеу, құқықтану, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау сұрақтарыбойынша 1 293 астам кеңес беру қызметікөрсетілді, сонымен қатар 25 кепілдендіру бойынша жоба ЕДБ мақұлдағанға дейін сүйемелденді.

Қордың облыстық филиалы қаржылық емес қолдау бойынша аймақкәсіпкерлерінің құзырет деңгейін арттыру мақсатындабелсенді жұмыс жүргізілуде – жаңа ісін ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» оқыту жобасының аясында 29 адам оқытылды.

"Назарбаев Университеті" АҚ бизнестің Жоғарғы мектебі негізіндешағын және орта бизнес басшыларының бағдарлы біліктілігін арттыру мақсатында"Шағын және орта бизнесті топ-менеджментін оқыту"Жобасы бойыншаоқуға14 кәсіпкерөтінім берді.

«Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкерге өз ісін дамытуға және ұйымдастыруға көмек көрсетілді.


хат жіберу