Блог статистикасы
195
Жазбалар
5248
Өтініштер
213052
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

100 нақты қадам институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 12-қадамымен көзделген мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында 2016 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексі заңды күшіне енді.

Осы кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің құзыретіне мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын мемлекеттік органдармен орындауды тексеру кіреді.

Департаментпен 2017-жылдың 12-айында 88-іріктемелі және жоспардан тыс тексерістер өткізіліп, тексеру барысында 5000-нан астам заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзушылықтар негізінен мемлекеттік қызметшілерді бағалау, сынақ мерзімінен өту, қызметшілердің нұсқаулықтарының Ережеге сай болмауы, заңсыз сыйақы беру және кадрларды іріктеу бойынша айқындалған.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Департаментпен енгізілген актілердің негізінде 256 мемлекеттік қызметші, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін 46 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың дені әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметке кір келтіретін фотосуреттерді жүктеу, мемлекеттік мүлікті, соның ішінде қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта тиімсіз пайдалану және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жол беру фактілерін жасаған тұлғалар.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды, сондықтан мемлекеттік қызметшілер тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан Әдеп кодексінің нормаларының бұзылу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің www. kst.kyzmet.gov.kz ресми сайтына, Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі 34 мекен-жайына, 8 (7142) 39-31-65 сенім телефонына, +7-707-122-1494 WhatsApp, Skype: DADGSPK1494 хабарласуларыңызға болады.

А. Оташев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің бас маманы

хат жіберу