2019 жылдың мамыр айында Тасты ауылында Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шаралары аясында «Қамқор» акциясы өткізілді. Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мектеп ұжымының және клуб меңгерушісі мен кітапханашысының ұйымдастыруымен мектептің акт залында салтанатты жиын өтті. Ауыл әкімі, мектеп директоры, ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады. Ауыл жастары мен мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қойылған ескерткіш басына құран оқылып, дұға бағыштады. Тыл ардагері Қаратаева Жүмакүл апайға арнайы сыйлық табыс етіп, құрмет көрсетілді.
