Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197920
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қарттарым – қазынам»

Тасты ауылы бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ұлы дала дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларының 2019 жылға арналған жоспары аясында қазан айында «Бата» акциясы өткізілді. Тасты әкімі аппаратының және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Тасты жалпы білім беретін орта мектебінің акт залында ауыл қарияларына және мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Қарттарым -қазынам» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Ауыл жастары мен мектеп оқушылары әндерін, мектептің жас ақындары қарияларға арналған шығармаларын арнады. Ауыл әкімі, мектеп директоры тілек айтып, ақсақалдар алқасының төрағасы Кәрім Оспанов ауыл жастарына, мектеп оқушыларына батасын берді. Концерттен кейін ауыл ақсақалдарына ауыл әкімінің демеушілігімен мерекелік дастархан жайылып, үлкен ас берілді.


хат жіберу