Блог статистикасы
195
Жазбалар
4876
Өтініштер
190216
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Амангелді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) болып табылады (бұдан әрі – аудан әкімінің аппараты). Аудан әкімиятымен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады, тікелей оған бағынады және есеп береді. 
2. Аудан әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппараттың құрылымы мен штаттық санының лимиті аудан әкімиятымен облыстық атқарушы орган белгілеген лимиттер шегінде бекітіледі.
4. Аудан әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкілерде шоттары болады. 
5. Аудан әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде шығуға құқы бар.
6. Аудан әкімияты аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы болып табылады.
7. Аудан әкімиятының аудан әкімінің аппаратын құру туралы қаулысы және осы ереже аудан әкімі аппаратының құрылтайшы құжаттары болып табылады.
8. Аудан әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Амангелді ауданы әкімінің аппараты».
Орыс тілінде: «Аппарат акима Амангельдинского района».
10. Аудан әкімі аппаратының заңды мекен-жайы: 110200, Қостанай облысы, Амангелді ауданы; Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 14.

2. Аудан әкімі аппаратының функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

11. Аудан әкімінің аппараты қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес әкімнің және аудан әкімиятының қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ете отырып, мыналарды жүзеге асырады:
1) аппарат жұмысын, әкімият отырыстарын, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастырады;
2) әкімнің шешімдері, өкімдерінің және аудан әкімияты қаулыларының жобаларын дайындайды;
3) аудан әкіміне, әкімиятқа аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, әкімият қаулыларын өзгерту, күшін жою, заңсыз актілерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімідері мен әкімияттарының актілерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) әкімнің және әкімияттың актілерінің заңнамаға сәйкестігіне заңды сараптама жүргізеді;
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігі бойынша тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тындайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;
7) анықталған тәртіп бұзушылықтарды, заңнамаларды сақтамауды жою жөнінен шаралар қабылдайды; 
8) кадрлық саясат пен мемлекеттік қызметтің жағдайына, аудан әкімиятына бағынышты жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейіне талдау жасайды;
9) лауазымға тағайындалған және лауазымнан босатқан кезде материалдарды ресімдейді, мемлекеттік қызметті өтеуге, кадрларды іріктеу мен орналастыруға байланысты басқа мәселелерді шешеді, олардың жеке іс қағаздарын жүргізеді;
10) аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының даярлығын және қайта даярлығын ұйымдастырады;
11) аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді;
12) әкім және әкімият шығарған актілерге тіркеу жүргізеді, нөмірлер береді;
13) әкім мен әкімияттың, консультациялық-кеңестік органдардың актілерінің тиісті ресімделуін және таратылуын қамтамасыз етеді;
14) аудан әкімі аппаратындағы іс жүргізуді ережелерге сәйкес үйымдастырады;
15) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды; 
16) азаматарды қабылдауды ұйымдастырады;
17) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
18) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
19) аудан әкімиятына бағынышты мемлекеттік басқару органдары қызметінің өзара бірлестігі мен үйлестірілуін қамтамасыз етеді; 
20) әкімият және аудан әкімі жанындағы консультациялық-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
21) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

12. Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және нығайту жөніндегі саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен әлеуметтік және экономикалық процестері басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, бұл мақсаттарда жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының келісе қимыл жасауын қамтамасыз ету;
3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті, азаматардың құқықтық таным деңгейін арттыру және олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық көзқарасын нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4) аудандық мәслихаттың аппаратымен ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру жөнінде бірлесе іс-қимыл жасау;
13. Осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа материалдарды сұратуға және алуға құқы бар. 
14. Аудан әкімінің және аудан әкімиятының қызметін қамтамасыз ету, оларды аудандағы жағдай туралы уақытында және толық хабардар етіп отыру, әкімнің шешімдерін және қаулыларын орындау, сондай-ақ оларды орындауға 
бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің аппараты мыналарға тапсырма беруге құқылы:
1) әкімиятының аудандық бөлімдеріне;
2) селолық округтер, селолар әкімдеріне;
3) әкімият және аудан әкімінің жанындағы консультациялық-кеңестік органдарға.
15. Аппарат басшысының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, аудан әкімінің кеңесшісінің, аудан әкімінің көмекшісінің тапсырма беруге, қажетті ақпарат, құжатарды және басқа да материалдарды сұратуға құқы бар.

3. Аудан әкімі аппаратының мүлкі

16. Аудан әкімі аппаратының жедел басқару құқындағы оқшауланған мүлкі болады. 
Аппаратың мүлкі аудан әкімияты берген мүлкінің есебінен қалыптастырылады, оның құны аудан әкімі аппаратының балансында көрсетіледі және коммуналдық меншік болып табылады.
Аудан әкімі аппаратының өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен иелік жасауға құқы жоқ.

4. Аудан әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

17. Жойылған.
18. Аудан әкімі аппаратын аудан әкімі лауазымына тағайындайтын және лауазымнан босататын және тікелей бағынышты аппарат басшысы басқарады.
19. Аппарат басшысы:
1) аудан әкімінің аппаратын мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады; 
2) аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндетердің орындалуына жеке жауапкершілікті мойнына алады; 
3) аудан әкімінің аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы және штаттық саны жөнінен ұсыныстар әзірлейді және оларды аудан әкімиятының бекітуіне енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде техникалық қызметкерлерге қосымша төлемақылар, материалдық ынталандырулар белгілейді;
4) аудан әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
5) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді;
6) аппараттың техникалық қызметкерлерін еңбек заңдарына сәйкес жұмысқа алады, жұмыстан босатады және тәртіптік жазаға тартады;
7) аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;
8) аудан әкімі аппараты бойынша бұйрықтар және нұсқаулықтар шығарады;
9) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;
10) әкімияттың қабылдаған қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) мемлекетік қызмет туралы заңнамаға және қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) аппарат құзыры шеңберінде құжаттамаларға қол қояды:
13) техникалық қызметкерлерін іс-сапарларға жібереді;
14) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмысшы топтарын құрады;
16) ауданның кадрлық саясатын ұйымдастырады және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
17) аппараттың ақшалай қаражатына иелік жасайды, қаржылық құжаттарға қол қояды;
18) аппарат қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері міндетті түрде орындауларына арналған нұсқаулар береді;
19) оған аудан әкімі жүктеген басқа да функцияларды орындайды.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

20. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімияты қаулысы бойынша енгізіледі.

6. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату 

21. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату аудан әкімиятының қаулысы бойынша қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
22. Таратылған мемлекеттік органның мүлкі жергілікті бюджетке өткізіледі.

хат жіберу